Негізгі

Хабарлама №73

Хабарлама уақыты13-07-2016 16:19:57
ҚолданушыҚұлетов Жәнібек
Мәртебе Орындалды
ДәрежеКөлік және автожол
ОрындаушыҚызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
Мекен-жайМерей ы/а, 17 үй

Белгісіз бір ғимараттың салынуына байланысты жолдың жабылуы

Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданының 17 үй, «Думан» мейрамханасының маңынан белгісіз бір ғимараттың салынуына байланысты, Иван Журба көшесінен «Мерей» мөлтек ауданы, 17-ші үйге бұрылатын жол қозғалысы тоқтатылды. Сол ғимараттың салынуына байланысты, жәй көліктер қозғалысы, жедел-жәрдем көлігі, төтенше жағдайлар көліктерінің кіріп-шығуы қиындады. Тұрғындар арасында анасы ауруға шалдыққан, балалары мүгедектікпен тіркеуден тұратындар және жиі қан қысымымен жедел жәрдем шақырып отыратын отбасылар бар екендігін жеткіземіз. Жол қозғалысының жабылуын талап ететіндей ол қандай ғимарат және жолдың жабылуы заңды ма? Осы мәселе бойынша тұрғындардың наразылығын бей-жәй қалдырмайды деген үміттеміз.
Белгісіз бір ғимараттың салынуына байланысты жолдың жабылуы
Белгісіз бір ғимараттың салынуына байланысты жолдың жабылуы
Белгісіз бір ғимараттың салынуына байланысты жолдың жабылуы
Белгісіз бір ғимараттың салынуына байланысты жолдың жабылуы
Белгісіз бір ғимараттың салынуына байланысты жолдың жабылуы

Социальные сети

Орындалды

Ресми жауап

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Сіздің 13.07.2016 жылғы «Халықтық бақылау» жүйесіне жазған №73 санды арызыңыз негізінде тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында арызда аталған мекен-жайда кеңсе құрылысы салынып жатқандығы анықталды. (құжаттары қосымшада тіркелді) Алайда Сіздің 28.07.2016 жылғы Басқармаға жазған өтінішіңіз негізінде 13.07.2016 жылғы «Халықтық бақылау» жүйесіне жазған арызыңыз Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып қараусыз қалдырылғандығын хабарлайды.

412701470142539.jpg
4191801470141938.docx

Күннің ішінде қаралды: 20 дней

Өзгерту уақыты мен пікірлер

02-08-2016 18:48:56 Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Параметр "Мәртебе" "Қаралуда"-дан "Орындалды"-ға өзгертілді
Параметр "Ресми жауап" қойылды "Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Сіздің 13.07.2016 жылғы «Халықтық бақылау» жүйесіне жазған №73 санды арызыңыз негізінде тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында арызда аталған мекен-жайда кеңсе құрылысы салынып жатқандығы анықталды. (құжаттары қосымшада тіркелді) Алайда Сіздің 28.07.2016 жылғы Басқармаға жазған өтінішіңіз негізінде 13.07.2016 жылғы «Халықтық бақылау» жүйесіне жазған арызыңыз Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып қараусыз қалдырылғандығын хабарлайды.

14-07-2016 15:52:31 Moderator

Параметр "Мәртебе" "Модерацияда"-дан "Қаралуда"-ға өзгертілді
Параметр "Орындаушы" қойылды "Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы